Сайт туралы

Сайттың атауы

▪ Жамбыл институты

Сайттың сипаты

▪ Ғылыми-ақпараттық, әдеби-бұқаралық, тарихи-танымдық цифрлық ақпарат құралы.

Сайттың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қатысы

 Сайт өз қызметін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қарамағында жүргізеді. Сайттың әкімдігі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты.

“Жамбыл институты” сайты ғылыми-ақпараттық, әдеби-бұқаралық, тарихи-танымдық цифрлық ақпарат құралы ретінде қоғамдық негізде жұмыс жасайды.

▪Сайттың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылымдық бөлімдеріне қатысы өзара ынтымақтастық, бірлік аясында ақы-пұлсыз қолдау көрсету түрінде анықталады.

Сайттың басқа мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға қатысы

▪Сайт өз жұмысын басқа мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға тәуелсіз жүргізеді.

Сайтта жарияланған материалдарға авторлық құқық жайы

▪Сайтта жарияланған материалдардың авторлық құқығы көрсетілген авторларға тиесілі.

▪Сайтта жарияланған материалдардың авторлық құқығы толық қорғалған.

Сайттың басты мақсаты

▪ Жамбыл шығармаларын, Жамбыл шығармашылығы туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жинау, сақтау, жариялау, насихаттау.

▪  Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы, ақындық айналасы, туған жері, өскен ортасы туралы ғылыми, ғылыми-ақпараттық, әдеби ресурстар қорын қалыптастыру және ұдайы толықтыру.

Сайттың міндеттері

▪Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялау, сақтау

▪Жамбылдың шығармашылық мұрасын әлем халықтары тілдерінде сақтау және көпшіліктің пайдалануына ұсыну

▪Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы елеулі, уақыт сынынан өткен зерттеулердің электронды қорын жасау, сақтау және көпшіліктің пайдалануына ұсыну

▪Тұтынушылардың сұраныстарына сай Жамбылдың туған, өскен ортасы туралы пайдалы ғылыми, тарихи, ақпараттық және әдеби шығармалардың электронды қорын жасау және көпшіліктің пайдалануына ұсыну

▪Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы әлем халықтары тілдеріндегі мәтіндердің электронды қорын қалыптастыру

Сайттың әлеуметтік маңызы

▪Тұтынушылар Жамбылдың әдеби мұрасын, жамбылтану саласында жинақталған және жаңадан жасалған ғылыми, ғылыми-көпшілік еңбектерді өз игіліктері үшін пайдалануға мүмкіншілік алады

▪Жамбылтану ғылымының дамуына, жамбылтанушы мамандардың кәсіби қалыптасуына ықпал етеді

▪Жамбылтану саласында көптомдық ғылыми еңбектер сериясының қалыптасуына үлес қосады

▪Тұтынушылардың интеллектуальдық өрісін кеңейтуіне қызмет етеді

▪Қоғамдық сананың өсуіне ықпал етеді

Сайттың тұтынушылары

Сайт материалдары көпшілікке арналады: оқушыларға, студенттерге, магистранттар мен доктаранттарға, зерттеушілерге, оқытушыларға, кемелдікке ұмтылған жалпы көпшілікке.

Сайтта материалдар жариялаудың тәртібі

▪ Сайтта материалдар жариялау туралы шешімді сайттың бас редакторы қабылдайды.

▪ Сайтта материалдар жариялау туралы шешім Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйғаруы негізінде қабылданады.